Мыңнан астам қазақ атамекеніне оралды
Жыл басынан бері 1 070 қазақ атамекеніне оралды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жыл басынан бері Қазақстанға келген қазақтардың жартысынан көбі (51,9%) – Қытай Халық Республикасынан, 37,5% – Өзбекстаннан, 7,1% – Түркіменстаннан, 1,8% – Ресейден және 1,7% басқа елдерден келген», — делінген хабарламада.
Айтайық, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 1 миллион 149 мыңнан астам қазақ оралған.
/сурет ашық дереккөзден алынды