Арал ауданында кейінгі үш жылда 228,3 шақырым газ құбыры тартылып, бүгінде тұрғындардың 71,2%-ы табиғи газға қол жеткізген. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев айтты.

«Арал қаласындағы №4, №5, №6 мөлтек аудандары және Сексеуіл кенті мен Шижаға елді мекенінің тұрғындары «көгілдір отынға»қосылды. Сыр беткейдегі тұрғындар үшін маңызды жаңалық – Қамыстыбас елді мекеніне газ жеткізетін автоматты газ тарату стансасының құрылысы басталды. Бұл жоба 18 елді мекеннің 15-мыңға жуық тұрғынын кезең-кезеңімен газбен қамтуға мүмкіндік береді», дейді өз сөзінде Аманжол Сақыпұлы.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *