Бүгін – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні
/сурет ашық дереккөзден алынды
27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтеді. Бұл мереке 2014 жылдың 27-ші ақпанында халықаралық деңгейде алғаш рет Финляндияның Хельсинки қаласында тойланды.
Бұл күні бүкіл әлемде азаматтық сектордың қоғамның барлық салаларын дамытуға қосқан үлесі туралы айтылады. Дүниежүзілік ҮЕҰ күні үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын, ұмтылыстары мен нәтижелерін көрсетеді.
Бүгінгі таңда елімізде 22 мыңнан астам Үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.