Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сондай-ақ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты. Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
/сурет Ақордадан алынды