Наурызда әуе рейстерінің саны артады
Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Наурыз мейрамы кезінде әуе рейстерінің санын көбейту мәселесін қарастырды.
Осылайша, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 рейс қосылды, оның ішінде:
- «Air Astana» әуе компаниясы 55 рейс қосты:
Ішкі бағыттар бойынша: - Астана – Алматы + 8 рейс;
- Атырау – Астана + 6 рейс;
- Атырау – Алматы + 3 рейс;
- Алматы – Шымкент + 2 рейс;
- Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
- Алматы – Ақтау + 1 рейс;
- Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
- Алматы – Өскемен + 1 рейс;
- Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
- Астана – Орал + 1 рейс;
- Астана – Қостанай + 1 рейс.
Халықаралық бағыттар бойынша:
- Алматы – Сеул + 4 рейс;
- Алматы – Ыстамбұл + 4 рейс;
- Астана – Ыстамбұл + 4 рейс;
- Алматы – Мале + 4 рейс;
- Алматы – Бейжің + 2 рейс;
- Астана – Сеул + 2 рейс;
- Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
- Астана – Пхукет + 1 рейс;
- Астана – Фукуок + 1 рейс;
- Алматы – Лондон + 1 рейс;
- Алматы – Душанбе + 1 рейс;
- Алматы – Баку + 1 рейс;
- Алматы – Камрань + 1 рейс;
- Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.
Сонымен қатар, 30 наурыздан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс), 31 наурыздан бастап Астана – Нячанг (аптасына 3 рейс), 30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс) бағыттары ашылады.
20 сәуірден бастап Алматы – Мумбай (аптасына 3 рейс) рейстері қайта жанданады.
28 мамырдан бастап жаңа Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс) бағыты ашылады.
1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс) рейстері іске қосылады.
- «FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейс қосты:
- Астана – Алматы + 11 рейс;
- Астана – Орал + 4 рейс;
- Алматы – Шымкент + 3 рейс;
- Алматы – Қарағанды + 2 рейс;
- Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
- Астана – Шымкент + 2 рейс;
- Астана – Түркістан + 2 рейс;
- Алматы – Қостанай + 1 рейс;
- Алматы – Семей + 1 рейс;
- Алматы – Павлодар + 1 рейс;
- Алматы – Орал + 1 рейс;
- Астана – Қызылорда + 1 рейс;
- Астана – Ақтау + 1 рейс;
- Астана – Өскемен + 1 рейс.
Сонымен қатар, 4 маусымнан бастап Қарағанды – Ыстамбұл (аптасына 2 рейс) бағыты ашылады.
- «SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосты:
- Астана – Алматы + 16 рейс;
- Астана – Шымкент + 8 рейс;
- Алматы – Шымкент + 8 рейс.
Сонымен қатар, Шымкент – Каир (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент – Сиань (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент – Будапешт (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс) бағыттары ашылады.
- «Qazaq Air» әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд (аптасына 2 рейс) бағытында рейстерді іске қосады.
Сонымен қатар, мереке алдындағы және мерекелік күндері Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан бағыттары бойынша рейстер санын арттыру мәселесі қарастырылуда.
Әуе билеттері әуе компаниялардың ресми сайттарында қолжетімді.
Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша тарифтердің көтерілуі жоспарланбаған, билет бағалары бұрынғы деңгейде қалады. Билеттердің құны нарықтық факторларға (ұшуға дейінгі сатып алу мерзімі және т.б.) байланысты өзгеруі мүмкін.
Әуе компаниялары техникалық мүмкіндіктерге сәйкес мерекелік күндері рейстер санын көбейту жұмыстарын жалғастырады.
/сурет ашық дереккөзден алынды