Атырау облысының Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымадан газ атқылап, құбыр істен шыққан. Оқиға Жылой ауданында 6 наурыз күні болған. Қазір ұңғыма аумағы толық қоршалған. Бұл жөнінде «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мамадардың мәліметінше кен орнындағы оқиғадан мұнайшылар зардап шекпеген. Ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары басталған. Оқиға орнына «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші», «СОП Атырау» ЖШС мамандары жұмылдырылған.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *