27 Наурыз — дүниежүзілік театр күні
27 Наурыз — театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні әлемде – дүниежүзілік театр күні тойланады. Бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр. Атап айтсақ, 11 республикалық, 46 өңірлік театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.
Аида Балаеваның айтуынша отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойған. Олардың 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде сахналанған. Сонымен қатар, қазақстандық театрлар отандық көрерменді жаңа қойылымдармен қуантып қана қоймай, елімізді халықаралық аренада да танытып келеді. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 350-і ел ішінде, 46-сы шетелде өткен.
/Сурет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі