Астанада архив маңы қоқыстан арылды
«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ барлық қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қызмет етті. Мекеме маңын тазартуға 70-тен астам қызметкер жұмылдырылды. Архив ауласы сыпырылып, қақпалар боялды.
-Бүгінгі шара өз деңгейінде өтуде. Себебі, елордалық тұрғындардың жаппай сенбілікке жұмылуының нәтижесінде қала қоқыстан арылды. Бұл өте қажетті бастама деп ойлаймын. Сондықтан өз басым сенбілікті қолдаймын, -деді архив қызметкері Нұрбақыт Бейсен.
«Таза Қазақстан» табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды іс-шара. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
«Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, ғимарат маңы сәнденіп, көркейе түседі. Ауқымда акцияға біздің ұжым қызметкерлері үнемі ат салысып отырады. Тазалық өзіміз үшін қажет деп есептеймін», — деді Астана қаласының мемлекеттік архивінің директоры Жанкелді Бимолдин.
Бүгінгі шара барысында архив маңы толық тазартылып, ағаштар отырғызылды.