Елордалық кәсіпкерлер акцияға белсенді қатысуда
Астана қаласының кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Республика даңғылында жаппай сенбілікке шықты деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Кафелер, дүкендер және басқа да компаниялардың қызметкерлері қаланың тыныс-тіршілігі үшін тазалықтың маңыздылығын атап өтіп, айналасын ретке келтірді.
«Ұжыммен бірге ай сайын сенбіліктер өткіземіз. Республика даңғылы – қаламыздың басты көшелерінің бірі және әрбір кәсіпкер өз аумағында тазалықты қадағалауы тиіс» деп атап өтті елордадағы пиццериялар желісінің менеджері Алтынбек Өмірзақ.
«Тазалық – елорданың әрбір тұрғынының міндеті. Бүгін біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, өз аумағымызды тазалап жатырмыз» деді өз сөзінде құрылыс компаниясының сату бөлімінің қызметкері Бақберген Нысанбай.