LRT: Елорданың көшелерінде қозғалыс шектеле ме?
Бұл туралы cts_kz мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:
-14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін — Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
-15 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін — Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.