Бұл туралы Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ауылдық жерлерді төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру мақсатында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске қосылды.

«Красная поляна, Қызылсуат, Жарсуат, Матыбұлақ және Глуховка ауылдарында жаңа форматта бес өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталған бекеттер қажетті техникамен, жабдықтармен және нысанды киім-кешекпен қамтылып, еріктілерге жағдайлар жасалды.  Қолданыстағы барлық бекеттерде жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуді жоспарлап отырмыз», дейді Кеген Тұрсынбаев.

Вице-министрдің мәліметінше, елімізде барлығы 400-ге жуық өрт сөндіру бекеттері жыл бойы жұмыс істейді.

«Олардың құрылуын жергілікті атқарушы органдар жалғастыруы қажет. Министрлік оларға 185 бірлік өрт сөндіру техникасын беруге дайын», дейді ол.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *