2024 жылдың наурыз айында Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат В.-дан 2023 жылдың 1 сәуірінде жеке кәсіпкер С.-мен балконның ішкі жабындарын жабуға және ПВХ  терезелерін орнатуға келісім-шарт жасасқаны туралы апелляциялық шағым түсті.

Алайда, жаңа терезе орнатқан тұтынушының қуанышы ұзаққа созылмайды. Орнатқаннан кейін бірнеше күн өткен соң терезенің ақаулары біліне бастаған: жаңбыр жауған кезінде балконан пәтерге  айтарлықтай көлемде су кірген. Азамат В.  олқылықтарды түзету туралы талаппен кәсіпкерге хабарласқан, бастапқыда кәсіпкер кемшіліктерді жоюға келіскен. Алайда, жағдай өзгермеген, балконнан су ағып, қаптама материалы жарамсыз болып қалады. Суық ауа райының басталуымен жағдай  тіптен нашарлаған: терезелер мұзбен жабылған.Өтінішті қарап, Департамент азамат В.-ға сотқа жүгінуді ұсынды.

Сот талқылауы барысында кәсіпкер С., кемшіліктерді жоюға болатынын алға тартып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады, бірақ В. пәтерге кіруге рұқсат бермеді. Өз кезегінде В. кемшіліктерді жою туралы өтінішпен С.-ға бірнеше рет, алты реттен астам хабарласқанын, бірақ бұл нәтиже бермегенін түсіндірді. Осыған байланысты, ол енді жауапкердің  ештеңені түзеткенін қаламайды, өйткені ол кемшіліктердің орнын толтыру мүмкін емес деді және оны сот сараптамасымен растайды.

Балконға тексеру жүргізген сарапшы Л. сотта плита мен жақтаудың арасында су ағып жатқан айтарлықтай саңылаулар бар екенін айтты. Келтірілген материалдық шығын көлемі лицензиялық бағдарлама негізінде анықталды. Қабылдау актілері болмағандықтан, балкон пайдалануға берілген жоқ. Жалпы, сарапшының айтуынша, балкон «елеуіш сияқты» барлық атмосфералық жауын-шашынды өткізеді. Жауапкер сарапшының қорытындысымен келіспеді, бірақ оның қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдерді келтіре алмады.

Сот кемшіліктерді елеулі және жойылмайтын деп танып, азамат В.-ның талап арызын қанағаттандыруға және кәсіпкер С.-дан 1 186 303 теңге өндіруге шешім шығарды.

Осылайша, бір жылдан астам жосықсыз кәсіпкермен күрескен азамат В. әділдікке қол жеткізіп, өз құқығын қорғады.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *