Әлеумет
Қызылордада «Күй құдіреті» атты қалаішілік күйшілер сайысы өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Тасбөгет» бастауыш партия ұйымында қалаішілік «Күй құдіреті» атты күйшілер сайысы өтті. Шаһардың 11 білім ордасынан жиналған күйшілер өз өнерлерін ортаға салып, үш топта сынға түсті.
Жиынға қатысқан бастауыш ұйым төрағасы Гүлмира Камалқызы – Партиямыздың жас дарындарды қолдауға бағытталған шаралар саны артуда. Бүгін «Ұлттық мұра» жобасының негізінде ұйымдастырылған шараға қатысуға келген барша күйшілерге сәттілік тілеймін,-деді.
Үлкен, орта және кіші топтар арасында сынға түскен оқушылар халық арасында мәлім және кең таралған күйлерді махамына салып орындап, көпшілікті таңқалдырды.
Сайыс төрешісі, кәсіби домбырашы Жарқын Ешниязова жас таланттардың барлығының да дарындылығы жеңіс тұрғырынан көрінуге лайықты екенін атап өтті.
Күйшілер сайысы барысында үздік орындаушыларға партияның Қызылорда қалалық филиалы атынан «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табысталды.