Жүректен төгілер жыр тыңдаймын десеңіз…
Көктемнің шуақты күнінде, яғни 30 сәуірде Орал қаласында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әріптесіміз, Fastnews.kz ақпараттық сайтының бас редакторы Асантемір Қаршығаұлының «Көңіл қолтаңбасы» атты жыр кеші өтеді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қаладағы Жастар мәдениет сарайында болатын кеш ақынның рухани әлемін, шабыттың биігін көрсететін ерекше нұсқада өтеді деп жоспарлануда. Бұл шарада жүрекпен жазылған өлең-жырды тыңдап, шынайы шығармашылық атмосфераны сезіне аласыз!
Оралдық оқырман! Ақын кешіне асығыңыз!
Сәттілік тілеймін сізге
Сәттілік тілеймін сізге