Алматыда өткен белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған республикалық футбол турнирінде «Ақмешіт» командасы топ жарып, бас жүлдені иеленді. 14 команданың ішінен оза шапқан Сыр журналистерінен құралған ұжым екінші мәрте қалқанқұлақ кубокты жеңіп алып, туған ел абыройын тағы бір асқақтатты деп хабарлайды syrboyi.kz ақпараттық сайты.

Команданы қалаға кіре беріс қақпадан қызылордалық жанкүйерлер, әріптестер, достар ерекше қуанышпен қарсы алды. Олардың қатарында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омар да болды. Барша жұрт чемпиондарға ыстық лебіздерін білдіріп, жеңіс қуанышын бірге бөлісті.

Бұл жеңіс – тек футболдағы жетістік емес, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел намысын бәрінен биік қойған азаматтардың жеңісі. «Ақмешіт» командасы бұл табысты Қызылорда қаласының 100 жылдығына арнады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *