Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі қамауға алынды. Ол қарамағындағы қызметкерді зорламақ болды деген күдікке ілініп отыр. Бұл жайлы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі аясында өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *