Ауылға баратын мамандарға 2 млн теңге жалақы ұсынылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасында ауылдарға баратын мамандарға 2 миллион теңге жуық жалақы ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәуірде «Enbek» электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан да, ізденушілер тарапынан да іскерлік белсенділік өскен:
- 97,5 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарландыру;
- 115 мың түйіндеме орналастырылды.
Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 17,3 мың бірлікке (+22%), ал түйіндеме саны – 19,7 мыңға (+21%) өсті. Еңбекке сұраныс құрылымында біліктілік деңгейі орташа мамандар үшін бос жұмыс орындары басым – 46%.