Денсаулық сақтау министрлігі, Азияда, оның ішінде Малайзия мен Сингапурда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артуына байланысты Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты хабар таратты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министрлік дерегінше, 2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына шамамен 25 жағдай тіркеліп отыр.

Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта.

«Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр. Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел», – делінген хабарламада.

Қазақстандықтар кононавирустан аман болу үшін келесі сақтық шараларын сақтауы тиіс:

-жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;

-қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;

-үй-жайларды тұрақты түрде желдету;

-ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *