Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің  №60 мекемесінде жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

20.05.2025 жылы мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тренинг сабағы өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандықтағы өмірге дайындау болып табылады. Шара барысында «Мен бұл өмірде не үшін жауаптымын?», «Өз өмірлік құндылықтарыңызды анықтау» жаттығуы өткізілді. Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетілді. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

Наргиза Рамазанова,
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің баспасөз хатшысы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *