24 мамырда іске қосылған баспана кезегіне 170 мың өтінім келіп түскен. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды FASTNEWS.

«24 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді. Енді «Отбасы банкінде» бір терезе орталығы бар. Жүйе іске қосылғанға көп уақыт өткен жоқ. Осы уақыт аралығында 170 мыңдай өтінім келіп түсті. Оның 70 мыңы қабылданды. Бұған дейін баспана алуға кезекке 650 мыңдай адам тұрған. Бұл тізімге соңғы күндері өтінім бергендердің 70 мыңы қосылды. Кезек тізіміндегі адамдар саны артуы мүмкін. Баспаналардың 70 пайызы әлеуметтік осал топтағы адамдар санатына, ал қалған 30 пайызы кезекке тұрған адамның уақытына қарай беріледі. Сондай-ақ мұнда тағы қосымша критерийлер бар», дейді өз сөзінде министр.

Айта кетейік, қазақстандықтар 24 мамырдан бастап үй кезегіне кезекке тұра алады. Негізгі талап азаматтың соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы керек.

Фото: Ашық дереккөздерден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *