Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысы өз мәресіне жетті. Биыл он алтыншы мәрте жалауын көтерген турнир екі күнге созылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Дәстүрлі шара кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында 10 салмақ бойынша өтті. Оған 250-ден аса спортшы қатысты.

Жанкүйерлер түйе балуандар сайысын асыға күтті. Кіл мықтылар белдесуінде үшінші орынға 18 жастағы Сұлтан Бейбарыс қол жеткізді. Ал Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» атанса, «Сыр барысы» атағын Нұрым Сәлімгереев иеленді. Олар алдағы уақытта республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.

Фото: «Сыр спорты» фб-парақшасынан алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *