Назарбаев Путинмен кездесті
Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы бүгін, 29 мамырда Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.
«Ол расында Мәскеуде болды және президентпен жеке кездесу өткізді», деді Песков.
Олардың не жайында сөйлескені туралы ақпарат берілмеді. Екеуінің қандай мәселе талқылағаны әлі белгісіз.
Айта кетейік, Қазақстанның экс-президенті мен Ресей басшысы өткен жылдың желтоқсан айында кездескен еді.
Фото: Кремльдің баспасөз қызметі