Ақтөбеде жоғалған дәрігердің мәйіті табылды
Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары оны 23 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмағанын полицияға хабарлаған. Кейін еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізген еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалып басталған.
«Ақтөбе қаласында 1956 жылы туған, бұрын хабарсыз кеткен ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Фото: canva