Шерзат Полат ісі: Айыпталушыларға үкім қашан шығады?
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында айыпталушыларға үкім қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесі бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда 16:00 де жарияланады», деді судья Ержан Жанұзақов.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр. Сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай оларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.