Шегірткелердің негізгі ошағы табылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство өкілдері қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастаған. Бұған дейін Өзбекстанмен шекарада осыған ұқсас іс-шаралар жүргізілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.

Вице-министрдің мәліметінше, Өзбекстанмен шекаралас аумақтардан мароккалық және басқа да топтасатын шегіртке ошақтары анықталмаған.

«Бүгін қырғыз тарапымен бірлескен тексерісті бастадық. Шегіртке зиянкестерінің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Алайда жәндіктердің Қазақстан бағытына таралу қаупі тіркелмеген», деді Ермек Кенжеханұлы.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен шекарада да тексерістер жалғасып жатыр. Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекаралас учаскелер тексерілген, мұнда шегіртке зиянкестерінің таралуы анықталмаған.

«Алдағы күндері, маусымның бірінші және екінші онкүндігінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында осыған ұқсас іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Қытайдың шекаралас аймақтарына келетін болсақ, шегірткенің таралуы туралы ресми расталған жағдайлар тіркелмеді», деп жазылған хабарламада.

2 маусымдағы жағдай бойынша 6,1 млн гектар аумақ тексерілген, бұл жоспарланған көлемнің 35,6%-ы болады. 1 млн гектардан аса аумақ өңделеді, оның 971,5 мың гектары өңделген. Қазір өңдеу жұмыстары 15 облыста жүргізіліп жатыр.

Фото: видеодан скрин

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *