Ақтөбе облысында құтқарушыларға жаңа техника мен қызметтік пәтерлер берілді
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.
Министр өңірдегі құтқару бөлімшелеріне арнайы техниканы салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, аудандық қызметкерлерге 10 пәтердің кілтін табыстады.
Салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысты.