Әкімдік екі аяғынан айырылған қызға 4 бөлмелі пәтер сыйлады
Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған астаналық қызға 4 бөлмелі пәтер берілді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Баспананы бас қаланың әкімдік қызметкерлері табыстаған. Үй биыл қазан айында қолданысқа беріледі.
Ал құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесетінін айтқан. Сондай-ақ, тұрғын жайды тұрмыстық құралдармен жабдықтауды да өз жауапкершілігіне алған.
/сурет ашық дереккөзден алынды