21 маусымда Жерге астрономиялық («жұлдызды») жаз келеді. Бұл – ерекше астрономиялық құбылыс: себебі дәл осы кезде адамдар Жердің Солтүстік жартышары Күнге барынша жақындап, жылдың ең ұзақ күні мен ең қысқа түніне куә болады. Яғни күннің жарқырауы 16 сағат 34 минут 51 секундқа созылады. 21 маусымнан кейін күн қысқарып, түн ұзарады.

Күн тоқырауының ерекшелігі неде, бұл күні не істеуге болмайды, не істеу керек? Бүгінгі мақалада осы сауалдарға жауап береміз, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл күні не істеуге болмайды?

Жазғы күн тоқырауы – тек астрономиялық ерекшелігімен ғана емес, сондай-ақ тылсым, табиғаттың күшіне толы мағынасымен де маңызды. Мамандардың айтуынша, бұл – табиғаттың қуаты артатын кезең.

Ата-бабаларымыз күн тоқырауының күшіне сеніп, бұл күнге қатысты түрлі тыйымдар мен ережелерді ұстанған:

Ұрысуға, ренжуге және кек сақтауға болмайды – бұл негативті күй жыл бойына созылып кетуі мүмкін.

Бітпеген істерді кейінге қалдыруға болмайды – олар ұзақ уақыт бойы шешімін таппай тұрып қалуы мүмкін.

Киім кір немесе жыртық болмауы тиіс – тазалық жаңару мен жарықтың белгісі.

Табиғатқа зиян келтіру, өсімдіктерді жою, жануарларға қатыгездік көрсету – бұл әрекеттердің қайтарымы ауыр болады.

Сондай-ақ бұл – өткенге өкініп, қазбалауға болмайтын күн. Бұл – қуаныш пен жаңару күні. Сондықтан бұл күні болашаққа қандай бағдар қоятыныңызды анықтап алыңыз.

Жазғы күн тоқырауын қалай қарсы алу керек? Мамандар кеңесі

Белгілі нумеролог Айсұлу Ахимованың айтуынша, бұл күнді барынша көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған жөн.

Биыл Қазақстан аумағы бойынша бұл оқиға 20-21 маусым түнінде болады. Осы екі күнді өте жағымды эмоциялармен, жоғары энергиямен өткізу маңызды. Бұл өзіңізді – күшке, өміріңізді үйлесімге толтыруға көмектеседі, – дейді нумеролог.

Ол 21 маусым күні ерте тұруды ұсынады.

2024 жылы уақыт ауыстыру да ерте тұруға сеп болады. Жаңа күнді таңмен бірге қарсы алыңыз, – деп кеңес береді ол.

Ал астролог Ирина Шалева бұл күні далада көбірек серуендеуді ұсынады.

Күн тоқырауы ежелден қасиетті саналған. Бұл – өмір, жылу мен жарықтың шарықтау шегі. Егер жаңа бастамаларға күш жинап, кедергілерді еңсергіңіз келсе, 20 және 21 маусымда мүмкіндігінше далада көбірек уақыт өткізіңіз. Ең бастысы, ішкі үйлесім, өзіңізді және өзгелерді сүю, әлемге алғыс айту екенін ұмытпаңыз. Жақсы дүниелер ойлап, жағымды көңіл күйде болуға тырысыңыз, – дейді ол.

Сондай-ақ болашақта неге қол жеткізгіңіз келетінін анықтап, соған назар аударыңыз.

Маманның сөзіне қарағанда, 2025 жылы Күн бұл уақытта Шаян белгісіне өтеді. Бұл отбасы, дәстүр және ата-баба құндылықтарымен байланысты. Сондықтан 21 маусымды жақындарыңыздың ортасында өткізген жақсы.

Астролог күн тоқырауына дейінгі күндерді де дұрыс дайындалуға кеңес береді.

Барлық ескі, қажетсіз, өзектілігін жоғалтқан дүниелерден арылуымыз керек. Сонда ғана жаңа, жарық және жағымды энергияға орын босайды, – дейді ол.

Бұл күнде не істеу керек?

Бұл уақытты пайдалы әрі үйлесімді өткізу маңызды: табиғат аясында, өзіңмен және әлеммен үйлесімде. Сонымен қатар күш-қуат пен энергияны құрметпен қабылдау керек екенін де ұмытпаңыз.

Таңды қарсы алыңыз – бұл жан мен рухқа арналған жылдық «қуат көзі».

Ашық түсті, күн секілді сары түсті киім киіңіз – мұндай түстер қуаныш тартуға көмектеседі.

Ниетіңізді айқындап, арманыңызды жазыңыз – бұл күні әлем ерекше мұқият тыңдайды.

Табиғатта серуендеу, таңғы шықпен жуыну, гүл шоғынан тәж өру – жай ғана дәстүр емес, энергияны теңестіру әдісі.

Үйдің кіреберісіне тиын қойып қойыңыз – бұл молшылыққа жол ашады деген ырым бар.

Күліңіз – күн тоқырауы жарыққа ұмтылған жандарға ерекше мейірімді.

Ырым-нанымдар

Бұл ерекше астрономиялық құбылысты табиғи белгілер мен ауа райы да айқындайды:

Бұл күні жауын-шашын жауса, өнім аздау болады деген ырым бар.

Ал аспанда жұлдыз көп болса, күзде орманда саңырауқұлақ мол болады.

Мерекелік таңда шық түссе, ол мол астықтың белгісі.

Фото: El.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *