8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» XXVI республикалық шығармашылық байқауы аяқталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болып, ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды, деп хабарлайды Orda.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде 1300-ден астам оқушы қатысты, олардың тек 112-сі ғана финалдан өтті, оның ішінде 39-ы ауыл оқушысы. Сондай-ақ, Алтай өлкесінен, Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытай мен Түрікменстаннан 20 қатысушылар келді.

Байқау қорытындысы бойынша 65 оқушы:

• 15 қатысушы I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен;

• 20 қатысушы — II дәрежелі дипломмен;

• 30 қатысушы — III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қосымша 20 оқушыға құрмет грамотасы табыс етілді. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Халықаралық қатысушылар арасында арнайы сыйлық тапсырылған жеңімпаздар да анықталды:

1. Бүркітбаев Саят — Өзбекстан

2. Байдәулетова Айнұр — Түрікменстан

3. Айдос Нұрмағанбет — Моңғолия

4. Үсенбаева Арайлым — Өзбекстан.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысынан келген Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесіне ие болды.

Бұған дейін Астанада Абайдың 180 жылдығына арналған ұлттық студенттік конференция өткен болатын.

Фото: Білім министрлігі 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *