БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларына алаңдаушылық білдірді. Ол бұл әрекетті халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен АҚШ-тың Иранға қарсы күш қолдануына қатты алаңдаймын. Бұл – аймақтағы қауіпті өршіту ғана емес, бүкіл әлемге төнген қауіп, — деп жазды Гутерриш өзінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Бас хатшының айтуынша, егер бұл қақтығыс бақылаудан шықса, оның салдары тек Таяу Шығыс үшін емес, бүкіл адамзат үшін апатты болуы мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ 22 маусымда Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық қондырғыларына соққы жасағанын хабарлаған болатын.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *