Астаналық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

Астанадағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлады sportinside.kz.

Бұл үлкен жетістік – Жанайымның тынымсыз еңбегі, білімге деген құштарлығы мен мақсаткерлігінің жемісі. Сонымен қатар оның білім жолындағы жетістігіне ұстаздарының жүйелі дайындығы мен ата-анасының қолдауы да зор үлес қосқан.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы өзінің құттықтау жазбасында:

«Жанайым Жанибекқызы алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!» – деп жылы лебізін білдірді.

Фото: sportinside.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %