Қазақстандағы алғашқы АЭС құны қанша?
2025 жылғы 27 маусымда ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының алдын ала құнын атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Агенттік басшысының айтуынша, атом электр станциясының құны технико-экономикалық негіздеме негізінде анықталады.
«Бізде конкурсқа қатысушылар ұсынған индикативті параметрлер бар. Қазір бұл ақпаратты жариялай алмаймыз, өйткені олар процесс қатысушыларымен жасалған құпиялық туралы келісімдермен қорғалған. Бірақ жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның ең төменгі құны шамамен 14 миллиард долларды құрайды», деді Алмасадам Сәтқалиев.
Фото: Ербол Бекболат