Жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе мен Астана қалалары арасында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады. Бұл бағыт жазғы демалыс кезеңде батыс және солтүстік өңірлерге жол жүретін жолаушыларға қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Пойыз 2025 жылғы 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін төмендегі күндері жүреді:

  • Ақтөбеден Астанаға: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде; 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.
  • Астанадан Ақтөбеге: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде; 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.

Пойыз құрамында 12 вагон бар, оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт вагоны қарастырылған. Барлық вагондар ауа баптау жүйесімен жабдықталған және санитарлық-техникалық талаптарға толық сәйкес келеді. Бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады.

Пойыз қозғалысы туралы толық ақпаратты 1433 бірыңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *