«Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы — Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы 23 маусымда бастау алып, қазіргі таңда қызу қарқынмен өтіп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Байқаудың алғашқы күнін Жаңақорған ауданы ашып, содан кейін бұл өнер сапарын Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандары жалғастырды. Әрбір аудан өз өнерпаздарын ортаға шығарып, сахна төрінде Сыр елінің тарихын, дәстүрін және рухани құндылықтарын жаңғыртып келеді.

Өнер додасы күн сайын Қызылорда қаласының орталық алаңында өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани әсер сыйлауда. Әр ауданның өнерпаздары сахнада ұлттық нақыштағы әндері мен билерін, театрландырылған көріністерін ұсына отырып, туған жердің рухын асқақтатып келеді.

Байқауды 3 шілде күні Қызылорда қаласы қорытындылап, үлкен өнер мерекесіне лайықты нүкте қояды.

Бұл өнер байқауы — тек өнерпаздардың жарысы ғана емес, Сыр өңірінің бірлігін, тарихы мен мәдениетін дәріптейтін маңызды оқиғаға айналды. Байқау барысында әр ауданның талантты өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *