J.D. Power компаниясы автокөліктердің жыл сайынғы сапа зерттеуін ұсынды. 2025 жылы жаппай сатылымдағы брендтер арасында күтпеген көшбасшы пайда болды: ол – Nissan. Аталған бренд премиум санаттағы Lexus-қа жақындап қалды. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы.

Мәселе азайды, бірақ сенсорлы экрандар мазалайды

J.D. Power ұсынған АҚШ-тағы бастапқы сапа зерттеуінің (U.S. Initial Quality Study – IQS) соңғы деректеріне сәйкес, жаңа көлік иелерінен алғашқы 90 күн ішінде түсетін шағым азайған – орташа көрсеткіш 100 көлікке шаққанда 194-тен 192 шағымға дейін төмендеген (PP100).

Премиум сегментте де айтарлықтай жақсару байқалды: шағымдар саны 230-дан 203 PP100-ге азайды. Ал көпшіліктің қолданысындағы брендтер, керісінше, өз көрсеткіштерін нашарлатып, 181-ден 187 PP100-ге дейін өскен.

Көлік иелерінің басты шағымы – сенсорлы экрандардың қолайсыздығы. Көбі сырт көзге тартымды көрінгенімен, олармен жұмыс істеу қиын әрі жүргізушінің назарын аударады.

Жүргізушілерге тіпті қарапайым функциялар, мысалы, температураны реттеу үшін бірнеше рет бет ауыстыруға тура келеді, – деп түсіндірді J.D. Power өкілі Фрэнк Хэнли.

Үздік брендтер: Lexus, Jaguar және Nissan

Сапа бойынша абсолютті көшбасшы – Lexus. Бұл брендке қатысты ең аз шағым тіркелген: 166 PP100. Одан кейінгі орындарда Jaguar (175 PP100) және Genesis (183 PP100) тұр.

Ал жаппай брендтер арасында Nissan көш бастады – 169 PP100 нәтижесімен ол Hyundai-ды (173 PP100) және Chevrole-ні (178 PP100) артта қалдырып, премиум сегментке бір табан жақындады.

Өз класындағы үздік үлгілер

J.D. Power өз санатында үздік нәтиже көрсеткен нақты модельдерді де атады:

General Motors:

Buick Encore GX

Cadillac XT5

Chevrolet Blazer

Chevrolet Silverado

Chevrolet Tahoe

Ford Motor Company:

Ford Escape

Ford F-150

Ford Mustang

Ford Super Duty

Honda Motor Company:

Acura Integra

Acura RDX

Honda Odyssey

Volkswagen AG:

Porsche 911 (ең төмен шағым көрсеткіші — 116 PP100)

J.D. Power IQS зерттеуі автокөліктердің алғашқы үш айлық қолданысы барысында тіркелген шағымдар санына негізделеді. PP100 көрсеткіші неғұрлым төмен болса, автокөлік сапасы соғұрлым жоғары деп бағаланады. Бұл – өндірушілер мен тұтынушылар үшін көліктің сенімділігі мен жинақ сапасының маңызды көрсеткіші.

Фото: Мади Искаков

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *