Биыл Қызылордв облысында барлығы 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың, майлы дақылдар 5,7 мың, мал азықтық дақылдар  73,3 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектарды құрап отыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес осы жылы басты дақыл – күріш 80,9 мың гектар жерге егіліп, суға бастырылған.

Облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылы облыс бойынша барлығы 5,1 мың отбасына ұжымдық түрде бақша егуге қосымша  3,3 мың гектар жер дайындалып, бүгінгі күнге 3 300 га дақылдар толығымен картоп, көкөніс, қауын-арбыз сында бақша дақылдары егіліпті.

Бүгінде Сырдария өзеніндегі су жағдайы бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 137 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 2,3 млрд.текше метрді құрайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 400 текше метрі (2024 жылы 650 м3) жіберілуде.

Вегетациялық кезеңде егісті сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы су жүйелерін тазарту жұмыстары бойынша шаруашылық аралық каналдардың және ішкі шаруашылық аралық каналдардың 100%-на тазалау жұмыстары жүргізілсе, су құрылыстарының шаруашылық аралық каналдары, ішкі шаруашылық каналдары және насос қондырғыларының, гидробекеттердің 100% жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыста 2025 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, шаруашылықтардың көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті орташа болжамдық қаржы көлемі 40 млрд теңгені құраған.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *