Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен ХІ «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан жас сарбаздықтардың ата-аналарына құрмет көрсету мәжілісі өткізілді.

Шараға «Сыр жастарының генералы» номинациясының иегері, «Облыстық Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардақты ардагеріміз Әбіш Сабит Ыдырысұлы, Қызылорда қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахатов Жұмабек Алиханұлы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары Искакова Нэлля Нәбиқызы, Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлегенов Болатбек Шымбайұлы, «Сыр айбындары» командасының мүшесі Ниетулла Расулдың анасы Пернеева Ұлжалғас Қалмағанбетқызы қатысты.

Ақтөбе облысында өткен ХІ Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналды. Аталған жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жастары да қатысты.

50 –ге жуық команда 800-ге жуық жас қатысқан додада біздің облысымыздың абыройын арқалаған жастарымыз төртінші орынды қанжығаға байлады.

Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *