ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қазалы аудандағы жұмыс сапарында аудандық көп бейінді орталық аурухана жанынан бой көтеріп жатқан 42 төсектік инсульт және кардиология орталығының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ  Қазалы ауданы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Жобаның жалпы құны — 1,9 млрд теңге. Бас мердігер – «СМП Кызылорда» ЖШС. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Халық қалаулысы нысанды аралау барысында жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс барысына қатысты нақты міндеттер жүктеді.

«Ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың бірі. Бұл орталық тұрғындарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуі керек. Сондықтан ең бастысы – құрылыс уақытында және сапалы аяқталып, халық игілігіне берілуі тиіс», деді Мархабат Жайымбетұлы.

Жоба бойынша орталық пайдалануға берілгеннен кейін аудан тұрғындары үшін аса маңызды мәселе болған МРТ құрылғысы орнатылып, инсульт және жүрек-қан тамыр ауруларына қатысты диагностика мен емдеу қызметтері қолжетімді болмақ. Сонымен қатар, тиісті медициналық мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қолға алынады.

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *