Қазақ боксшылары әлем кубогынан жалпы саны 16 медаль жеңіп алды
Астанада бокстан World Boxing аясындағы әлем кубогы өз мәресіне жетті. Барлық салмақта бақ сынаған Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды.
Алтын алғандар: Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) Айбек Оралбай (90+ келі);
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец, Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), қола жүлдені қанағат тұтты.
Медаль кестесі:
- Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 4 қола
- Бразилия – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Үндістан – 3 алтын, 5 күміс, 3 қола
- Австралия – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Өзбекстан – 1 алтын, 0 күміс, 4 қола
- Франция – 1 алтын, 0 күміс, 3 қола
- Норвегия – 1 алтын
- Финляндия – 1 алтын
- Түркия – 0 алтын, 2 күміс, 6 қола
- Жапония – 0 алтын, 1 күміс, 2 қола
- АҚШ – 0 алтын, 1 күміс, 2 қола
- Болгария – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Германия – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Моңғолия – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Филиппиндер – 0 алтын, 1 күміс
- Әзербайжан – 0 алтын, 0 күміс, 3 қола
- Англия – 0 алтын, 0 күміс, 3 қола
- Қырғызстан – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
- Нигерия – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
- Польша – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
- Тайвань – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
- Доминикан Республикасы – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола.
Фото: Бокс федерациясы