Илон Маск АҚШ-та жаңа саяси партия құрды
АҚШ-тағы танымал кәсіпкер әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Америкада жаңа саяси күштің құрылғанын хабарлады. Бұл туралы Orda.kz X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Маск бұл бастамасын «The America Party» деп атады. Партияның негізгі мақсаты — «америкалықтардың бостандықтарын қайтару» екенін атап өтті.
«Сауалнама нәтижесі бойынша екі адамның бірі жаңа саяси партияны қолдайтынын көрсетті — енді ол партия құрылды. Елді ысырап пен жемқорлық банкротқа жеткізген жағдайда, біз демократиялық емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін The America Party құрылды — бұл сіздердің бостандықтарыңызды қайтару үшін жасалған қадам», — деп жазды Маск.
Миллиардер бұл мәлімдемемен қатар, өзі ұйымдастырған онлайн-сауалнама нәтижесін де жариялады. Оған 1,3 миллионға жуық адам қатысып, көпшілігі жаңа партияның құрылуын құптаған.
Маск бұл мәлімдемесін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қол қойған «Біртұтас, үлкен, әдемі» салық және шығындар туралы заң жобасынан кейін жасады. Құжат АҚШ-тың мемлекеттік қарыз шегін 5 триллион долларға арттыруды, бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуды және әскери шығындарды көбейтуді көздейді.
Илон Маск бұл бастамаға бұған дейін де қарсы шығып, билікті шамадан тыс шығын мен тиімсіз басқару үшін сынаған болатын.
Фото: Ашық дереккөздерден