Қытай көліктері әлі де қауіпті деп ойласаңыз, Еуропалық краш-тест агенттігі EuroNCAP-тің зерттеуіне көз жүгіртіңіз, ойыңыз өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Finratings.kz порталының хабарлауынша, ұйым 2025 жылғы ең қауіпсіз көліктер рейтингін жаңартты.

Үздік көліктер тізіміне бірден алты қытайлық модель енген. Сонымен қатар бұл қатарда Tesla, Audi және Polestar да бар.

Абсолютті чемпион атағын тағы да Tesla Model 3 жеңіп алды – бұл электромобиль мүмкін болған 400 ұпайдың 359-ын жинады. Model 3 ересектер мен балаларды өте жақсы қорғайды, жолдағы төтенше жағдайларға сенімді жауап береді және жаяу жүргіншілерге де бәсекелестеріне қарағанда сақ қарайды.

Екінші орынға Polestar 3 жайғасса, үшінші орынды Audi A6 e-tron иеленді. Аталған модель жүргізуші мен жолаушыларды қорғау бойынша жоғары нәтиже көрсеткенімен, басқа критерийлер бойынша аздап ұтылған.

Алайда ең басты жаңалық – Қытай көліктерінің серпіні.

Қытайдан келген барлық алты модель EuroNCAP бағалауынан бес жұлдыз алып, жоғары қауіпсіздік деңгейін дәлелдеді. Көшбасшы – Voyah Courage, бұл – премиум сегментке жататын ықшам әрі қолжетімді кроссовер.

Сондай-ақ жоғары баға алған модельдер:

Geely EX5

BYD Sealion 7

MG S5

Hongqi EHS9

Jaecoo 7 (гибрид)

Барлық аталған көлік алдымен және бүйірден соқтығысу сынақтарынан, жаяу жүргіншілерді қорғау және электронды көмекшілердің тиімділігі бойынша сынақтардан сәтті өтті.

EuroNCAP краш-тестінен алғашқылардың бірі болып биыл Zeekr X атты стильді шағын кроссовер өтті. Бұл модель барлық категория бойынша жоғары балл жинап, үздік нәтиже көрсетті: ересектерді қорғау – 91%, балалар – 90%, жаяу жүргіншілер – 84%, ал электронды көмекшілердің жұмысы 83% деп бағаланды.

Жалпы үздіктер тізіміне 20 көлік моделі енген. Олардың 14-і бес жұлдыз, қалғандары төрт жұлдыз алды.

Естеріңізде болса, бұған дейін ең көп сатылған кроссоверлер тізімін жасағанбыз. Сондай-ақ ең сапалы көлік брендтері анықталды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *