Трамптың Путинге қоқан-лоқысы: «Мәскеуді жоқ қыламын» — CNN
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге Украинаға басып кіретін болса, «Мәскеуді тозаққа айналдырамын» деп қатаң ескерту жасаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы CNN арнасы 2024 жылы өткен жабық кездесу жазбаларына сілтеме жасап мәлімдеді.
CNN дерегінше, Трамп жиында былай деген:
Мен Путинге: егер сендер Украинаға кіретін болсаңдар, мен Мәскеуді тозаққа айналдырамын дедім. Бұған басқа таңдауым жоқ еді. Ол: «Саған сенбеймін» деді. Бірақ 10 пайыз болса да сенді.
CNN атап өткендей, Трамп дәл осындай ескертуді Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинге де жасаған. Ол Си мырзаға «АҚШ Пекинді де бомбалап жібереді» деп мәлімдеген.
Бұл жазбаларды журналистер Джош Доуси, Тайлер Пейджер және Айзек Арнсдорф өздерінің «2024» атты кітабында егжей-тегжейлі сипаттап берген. Ал Трамптың штабы бұл жазбаларға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
Сондай-ақ, Трамп жуырдағы мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздерге қанағаттанбайтынын айтты. Оның сөзінше, «Путин өте сыпайы көрінеді, бірақ ол ештеңені білдірмейді». Тіпті Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді де қарастырып отырғанын жеткізді.
Ол 3 шілдеде Путинмен болған телефон әңгімесінен кейін «өте наразы» екенін, әрі «Путин тым көп адам өлтіріп жатыр, оның ішінде өз сарбаздары да бар» деп айыптаған.
Бұған дейін Трамп Украинаға жеткізетін қару-жарақ көлемін ұлғайтатыны туралы мәлімедеген едік.
Фото: Ашық дереккөзден