Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне өрт қойған ер адам ұсталды
Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне бір ер адам тұтанғыш қоспа лақтырып, салдарынан өрт шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстаған деп, хабарлайды FASTNEWS. Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт қойған 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады.
Өрт оқиғасы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев