«Астана-Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы іске қосылды
Ұлттық тасымалдаушы «Астана – Бурабай» бағдары бойынша Burabay Express жаңа электрпойызын іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға Астана-Бурабай курорты бағдары бойынша №888/887 Burabay Express Comfort+ жаңа буын электрпойызын ұсынып отыр.
Сапар барысында жолаушыларға Wi-Fi, борттық тамақтану, онлайн төлем және үш класта да жайлы жағдай жасалған.
Пойыз аптасына 5 рет қатынайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат. Астанадан сағат 11:00-де шығып, Бурабайға 13:35-те жетеді. Қайтар жолы – 14:15-те, елордаға 17:00-де келеді.
Билетті 45 күн бұрын сатып алуға болады. Бағасы: 2 962 теңгеден 5 805 теңгеге дейін.
Фото: ҚТЖ