Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр баспасөз конференциясында жанармай бағасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Роман Склярдың айтуынша, елімізде жылына 90 миллион тоннадан астам мұнай өндіріледі. Алайда мұнай өнімдері жеткілікті деңгейде өңделіп жатқан жоқ.

«Біз 2017-2019 жылдары  жанар-жағармай өндіру көлемін арттыра отырып, үш зауытты қайта құруды аяқтадық. Осылайша 2019 жылға қарай бензин, дизель және әуе керосині бойынша тапшылық жойылды. Алайда әуе керосинін тұтынудың өсуіне байланысты тапшылық байқалып отыр»,- деді ол.

Премьер-министрінің бірінші орынбасары елімізде көрші елдерге қарағанда жанармай бағасы арзан екенін айтып, оны елден шығару бойынша түрлі фактілердің тіркеліп жатқанын айтты.  Сондықтан да алдағы уақытта жанармай бағасы көрші елдердегі бағамен теңестірілмек.

«Жанармай сыртқа сатылып кетпеу үшін бағасын біртіндеп көршілес елдермен теңестіреміз. Ал мұнай өнімдерін  ұлғайту жоспарына сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегін салу жоспарланып отыр. Бұл Шымкентте мұнай өңдеу көлемін 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бағытында іс-шаралар қолға алынады», — деп түсіндірді Роман Скляр.

Фото: Видеодан алынған кадр

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *