Жетісу облысының Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында көшелер мен жолдарды су басып қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Су басу оқиғасы 3 тамыз күні болған. Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар түсірген видеолар жарияланды. Кадрларда ауыл көшелерін басып қалған тасқын су мен жекеменшік үйлердің аулаларын су басқаны көрінеді. Бірқатар аулада су тұрғын үйдің ішіне дейін кірген.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

3 тамызда Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында қатты нөсер жауын салдарынан таулы беткейлерден аққан су бірнеше көшені басып қалды. Құлжабай би көшесіндегі су бұру құбыры тасқын суға төтеп бере алған жоқ, салдарынан су жүргіншілер жолына қарай ақты. Уәлиханов, Молдағұлова, Қайсенов және Құлжабай би көшелерінде барлығы 48 аула су астында қалды, оның ішінде 8 тұрғын үйге су кірген. Су іргетастың төмен орналасуына байланысты енген, – делінген ТЖД хабарламасында.

Сағат 22:10-да су сору жұмысы толық аяқталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автокөлік қозғалысы шектелмеген.

Оқиға орнына ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жіберілді. Жағдай бақылауда.

Фото: Видеодан скриншот

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *