Болашақта қай мамандықтарға сұраныс артады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, 2025-2035 жылдар аралығында ел экономикасына шамамен 2,98 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл көрсеткіш орта мерзімді еңбек нарығы болжамы аясында жасалған.
Министрлік мәліметінше, кадрларға деген жиынтық сұраныстың:
- 28%-ы немесе 825 мың адам нақты секторда қалыптасса,
- 72%-ы немесе 2 миллион 153 мың адам қызмет көрсету саласына тиесілі болады.
Қызмет көрсету саласындағы мамандарға сұраныстың негізгі бөлігін қоғамдық қызмет көрсету саласы құрап отыр. Атап айтқанда:
- Білім беру саласында – 448 мың маман,
- Денсаулық сақтау саласында – 240 мың маман қажет болады.
Сонымен қатар, шамамен 634 мың адамға деген сұраныс бизнес-қызметтер саласына тиесілі болмақ. Бұл сала:
- Әкімшілік және қосалқы қызметтерді – 170 мың адам,
- Қаржы және сақтандыру саласын – 166 мың адам,
- Кәсіптік және ғылыми қызметтерді – 160 мың адам қамтиды Фото: Ашық дереккөзден