Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Тәжікстандық кәсіпкерлер 1 000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін – жемістер, құрма-жидектер, жаңғақтар, көкөністер, бақша дақылдары және басқа да елге танымал өнім түрлерін алып келеді.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау және дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Ғасырлар бойы тәжік мәдениеті парсы және түркі дәстүрлерінің элементтерін бойына сіңіріп келген. Тәжікстанның басты ерекшеліктерінің бірі – шығыстың рухын жеткізетін түрлі-түсті базарлар.
Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдер мен шеберлердің бұйымдарын сатып алуға ғана емес, сонымен қатар шығыс базарының ерекше атмосферасын сезініп, шығыс асханасының дәмді тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жәрмеңке 16 тамыз күні 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамыз күні 10:00-ден 19:00-ге дейін «Барыс Арена» маңындағы аумақта өтеді.
Фото: Астана қаласы әкімдігі