«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай аманаты» зияткерлік байқауы өтті.

«AMANAT» партиясының Сарыарқа аудандық филиалы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – Абайдың бай рухани және философиялық мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы мен идеяларына қызығушылықты дамыту, патриоттық құндылықтарды нығайту және қатысушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру.

Жиыны 16 команда қатысқан байқау «Бәйге», «Бәрі біледі», «Ақылды команда», «Абай әлемі», «Білгенге – маржан» атты бес кезеңнен тұрды. Соның барысында командалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, оның философиялық көзқарастары, сондай-ақ оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы туралы білімдерін көрсетті. Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін, эрудиция мен халқымыздың мәдени мұрасына құрмет көрсетті.

«AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Тілестің айтуынша мұндай бағыттағы іс-шаралар дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

— «Біздің негізгі мақсатымыз халық данасы Абай мұрасын кеңінен насихаттау. Бастауыш партия ұйымдары арасындағы байланысты күйшейту. Партияластарымыздың зияткерлік бағытта дамуыда өте маңызды. Бүгінгі сайысқа бастауыш партия ұйымдары өте белсенді қатысуда. Бұл сайыс дәстүрлі түрде келесі жылы да өз жалғасын табатын болады» — деді.

Қорытындысында жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *