Мемлекет басшысының қорғалған коммуникацияларды пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Aitu ұлттық мессенджеріне көшуді жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Азаматтар мен БАҚ өкілдерінің Үкімет қызметі туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін ресми арна іске қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың шешіміне сәйкес ішінде дербес деректері бар және тағы да басқа ақпараттармен алмасу үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің Aitu мессенджеріне толық көшуі 15 қыркүйекке дейін аяқталады.

Үкіметтің ресми арнасына келесі сілтеме арқылы Aitu қосымшасында жазылуға болады – https://i2.app.link/ehjJUOwwXVb.

Айта кетейік, Ақорда ресми жаңалықтарын да Aitu ұлттық мессенджерінен оқи аласыз.

Фото: Оңалхан Өнерхан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *